«Барселона» клубының жартылай шабуылшысы Рафинья Алькантара, өзінің ағасы, «Бавария» клубының ойыншысы Тьяго Алькантараның «Барсаға» қайтып оралғанын қалайтынын айтты.
Рафинья: «Мен Тьягоның қайтадан «Барселонада» ойнағанын қалаймын.
Ол «Барсаның» ойын мәнеріне жақсы үйлеседі, әрі көбісімен таныс.
Менің болашағым? Шынымды айтсам, білмеймін. Әңгіме көп, бірақ мен ол жайлы ойламаймын.
Менің жай ғана футбол ойнағым келеді, осында немесе басқа жерде болсын» – деп айтты.
Тьяго Алькантараның «Бавариядан» кетіп, «Барсаға» қайтып оралғысы келетіндігі жайлы ақпараттар болған, бірақ германиялық клуб ойыншысы үшін кем дегенде 70 миллион еуро сұрауда.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт