Басты бет / Әлем / ГОЛОВКИНГЕ КЕРЕК БЕЛБЕУДІҢ ИЕГЕРІ WBO ЧЕМПИОНЫ СОНДЕРС КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗБЕК

ГОЛОВКИНГЕ КЕРЕК БЕЛБЕУДІҢ ИЕГЕРІ WBO ЧЕМПИОНЫ СОНДЕРС КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗБЕК

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО), өзінің белбеуін 20-шы қазан күні Деметриус Андрадеге (25-0, 16 КО) қарсы өтетін жекпе-жегінде қорғайды.

Жекпе-жек Провиденсте (Род-Айленд штаты, АҚШ) орналасқан «Dunkin Donuts Center»-де өтеді деп күтілуде. Бұл Сондерс үшін АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Еске салсақ, Билли соңғы жекпе-жегін 16-шы желтоқсанда Канада да өткізіп, жергілікті боксшы Давид Лемьені (39-4, 33 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген. Ал Деметриус 21-ші қазанда Алантес Фокспен (23-1-1, 11 КО) кездесіп, дәл солай төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

Сондай-ақ, Билли Джо Сондерс болашақта WBA Super, WBC және IBO чемпиондық белбеулерінің иегері отандасымыз Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) кездесуі мүмкін. Қос тарап кездесуді тамыз айында өткізуді жоспарлап, бір келісімге жақын қалған еді, алайда Головкиннің командасы Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қол жеткізіп, британдық боксшымен кездесуде кейінге қалдырды.

Сондай-ақ

МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД АЛДЕРВЕЙРЕЛДТІ САТЫП АЛУҒА ЖАҚЫН

«Тоттенхэм» клубының қорғаушысы Тоби Алдервейрелд «Манчестер Юнайтед» клубына ауысуға жақын. Mirror басылымының хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» …