Басты бет / Бокс / ӘШКЕЕВТІҢ АЛДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫ АУЫСТЫ

ӘШКЕЕВТІҢ АЛДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫ АУЫСТЫ

4-ші тамыз күні Атлантик-Сити қаласында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде, шаршы алаңға көтерілетін отандасымыз Мəдияр Әшкеевтің (9-0, 5 КО) қарсыласы ауысты.

Бастапқыда, Мəдияр америкалық Клеотис Пендарвиске (21-4-2) қарсы жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған. Ал қазір BoxRec сайтының мәліметіне сенсек, Мəдияр Әшкеев эквадорлық боксшы Эдуардо Флореске (26-29-4, 15 КО) қарсы жекпе-жекке шығады.

Сондай-ақ, бұл бокс кешінде тағы бір отандасымыз, Мейірім Нұрсұлтановта шаршы алаңға көтеріледі. Мейірімнің қарсыласы доминикандық Джонатан Батиста (17-14, 10 КО) болмақ. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

Бір айта кететіні, Баптиста 2015-шы жылы Майамиде өткен бокс кешінде Қанат Исламнан (25-0, 20 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.

Ал, бокс кешінің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) колумбиялық Элейдер Альвареспен (23-0, 11КО) кездеседі.

Фото: «Boxing_laboratory» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

«ЧЕЛСИ» АЗАРҒА ЖАҢА КЕЛІСІМШАРТ ҰСЫНБАҚ

«Челси» жартылай шабуылшы Эден Азарды команда да сақтап қалмақ. Лондондық клуб 27 жастағы бельгиялыққа жалақысы …