Осы күнгі архивтер: 04.09.2018

МАРКИЗИО «ЗЕНИТ» КЛУБЫМЕН КЕЛІСІМШАРТҚА ОТЫРДЫ

«Ювентустан» кеткен жартылай қорғаушы Клаудио Маркизио, «Зенит» сапына қосылды. 32 жастағы италиялық ресейлік клубпен 2 жылдық мерзімге қол қойды. Маркизио тамыз айында 25 жыл өткізген «Ювентустан» кеткен болатын. Клаудио Маркизио сапында барлық додаларда 389 ойынға қатысып, 37 гол соққан. Жеті рет Италия чемпионы, үш рет Италия Кубогының иегері және төрт …

толық оқу»

ФИФА ПУШКАШ ЖҮЛДЕСІНЕ ҮМІТКЕР ОЙЫНШЫЛАРДЫ АТАДЫ

ФИФА өткен маусымның қорытындысы бойынша ең әдемі гол үшін табысталатын Ференца Пушкаш жүлдесіне үміткер он ойыншыны атады. Бұл тізімге, Гарет Бэйл («Реал Мадрид»), Денис Черышев (Ресей құрамасы), Лазарос Христодулопулос («Олимпиакос»), Криштиану Роналду («Реал Мадрид»), Джорджиан де Арраскаэта («Крузейро»), Райли Макгри («Ньюкасл Джетс»), Лионель Месси («Барселона»), Бенжамен Павар (Франция құрамасы), Рикарду …

толық оқу»

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында нысана көздеу мен стенд атудан 52-ші әлем чемпионаты басталды. Әлемдік сын 15 қыркүйекке дейін созылады. Әлем чемпионатына жалпы есебі 90 мемлекеттен 1084 спортшы қатысуда. Нысана көздеуден Қазақстан намысын қорғайтын мергендер: Владимир Исаченко, Юрий Юрков, Александра Малиновская, Зәуреш Байбосынова, Елизавета Король, Рашид Юнусметов, Комендра Юлия, Пирекеев Игорь, …

толық оқу»

ФУТЗАЛДАН «ҚАЙРАТ» ПЕН «АҚТӨБЕНІҢ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбенің» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды. «Қайрат» төртінші топта «Спортинг» (Португалия), «Лид» (Беларуия) және «Феникс» (Косово) командаларымен ойнайды. Кездесулер 3-ші және 6-шы қазан аралығында Косовода өтеді. Ал «Ақтөбе» алтыншы топқа түсті, қарсыластары «Ново Вриеме» (Хорватия), «Кампуксен Дюнамо» (Финляндия) және «ТМС» (Грузия) командалары атанды. Кездесулері …

толық оқу»

АЛМАТЫДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ГОЛЬФ ОЙНАУҒА ТЕГІН ҮЙРЕТІП ЖАТЫР

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен екінші жыл 6 дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді тегін гольф ойнауды үйрету бағдарламасы өтуде, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Сабақтарды бірінші қазақстандық гольф-клуб «Нұртау» академиясының кәсіпқой бапкерлері өткізуде. Тегін сабаққа қатысу үшін тек «Нұртау» клубына келіп, сауалнама толтыру қажет. Ал одан кейін, қатысушы …

толық оқу»

МЕССИ 12 ЖЫЛДАН БЕРІ АЛҒАШ РЕТ ЖЫЛ ОЙЫНШЫСЫ АТАҒЫНА ҮЗДІК ҮШ ҮМІТКЕР ҚАТАРЫНДА ЖОҚ

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси біраз жылдар бойы сақталып келе жатқан дәстүрден тыс қалды. ФИФА ресми сайтында, 2017/18 маусымның қорытындысы бойынша «The Best» сыйлығына таласатын үздік үштікті жариялады, бірақ бұл үштікте Мессиге орын табылмады. 31 жастағы аргентиналық ойыншы 12 жылдан бері алғаш рет жыл ойыншысы атағына үміткер үштіктің қатарына кірмеді. Соңғы …

толық оқу»

ТАНЫМАЛ БРИТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНА ГОЛОВКИННІҢ ҮЗДІК БЕС НОКАУТЫН ҰСЫНДЫ

Атақты Британиялық және Ирландиялық BT Sport телеарнасы өзінің нұсқасы бойынша, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдарында әлем чемпионы Геннадий Головкинің (38-0-1, 34 КО) мансабындағы әсерлі және маңызды болып саналатын үздік-5 нокаутын ұсынды. BT Sport телеарнасының нұсқасы бойынша, Головкиннің қарсыластары Доминик Уэйдты (2016), Гжегож Проксты (2012), Мэттью Маклинді (2013), …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТЗАЛДАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ «СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

Жақында Алматыда футзалдан студенттер арасында өткен әлем чемпионаты қатысушылары Алмалы ауданында орналасқан футбол алаңында «Спорт менің ауламда» бағдарламасының  қатысушыларына шеберлік сабағын өткізді, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды. Спорттық шара  барысында ұлттық құраманың мүшелері жеткіншектермен  жаттығу жасап, пенальти тепті, артынша футзалшы қыздар фристайл көрсетіп, балаларға қарсы футбол ойнады. Бұл шеберлік сабаққа Бостандық …

толық оқу»

АУЫР АТЛЕТИКАДАН 2018-ШЫ ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

28-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Биылғы Қазақстан чемпионатының басты жаңалықтарының бірі, допинг дауларына байланысты спорттан шеттетілген зілтеміршілер Илья Ильин мен Зульфия Чиншанлоның спортқа қайтып оралып, ел чемпионатында топ жарулары болды. Бұл дода Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің …

толық оқу»

ФИФА-НЫҢ НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫСЫ АТАНУҒА ҮМІТКЕР ҮШТІК

ФИФА ресми сайтында, 2017/18 маусымның қорытындысы бойынша «The Best» сыйлығына таласатын үздік үштікті жариялады. Бұл үштікке Лука Модрич («Реал Мадрид»), Криштиану Роналду («Реал Мадрид»/«Ювентус») және Мохамед Салах («Ливерпуль») енді. «The Best» сыйлығының марапаттау рәсімі 24-ші қыркүйек күні Лондон қаласында өтеді. Айта кетсек, үздік үштікке енген үміткерлердің ішінде былтырғы маусымның қорытындысы …

толық оқу»