Басты бет / Бокс / ФИРУЗА ШАРИПОВА КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ ОНЫНШЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗЕДІ

ФИРУЗА ШАРИПОВА КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ ОНЫНШЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ӨТКІЗЕДІ

Екі салмақ бойынша Әлем чемпионы Фируза Шарипова (8-1-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізеді.

Ертең, 8-ші қыркүйек күні, Санкт-Петербург қаласының «А2 Arena» аренасында өтетін бокс кешінің, басты жекпе-жегінде отандасымыз Фируза Шарипова ресейлік Юлия Куценкомен (7-0-1, 3 КО) кездеседі.

Фируза Шарипова өзінің жеңіл салмақтағы белбеуін Куценкодан қорғайтын болады. Юлия Куценко ТМД чемпионы белбеуінің және славян мемлекеттерінің нұсқасы бойынша WBC белбеуінің иегері. Атақты боксшы кіші Рой Джонс Юлияның промоутері болып табылады.

Фируза соңғы рет шаршы алаңда 2017-шы жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткізді. Ол кездесуде қарсыласы бельгиялық Джемилля Гонтарюкті жеңіп, екінші жартылай орта салмақта WBC Silver және IBO чемпиондық белбеулерің иегері атанған еді. Бұл жеңісі арақылы Фируза, WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстремнің міндетті қарсыласы атану құқығына ие болды. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 2018-шы жылдың қазан емесе қараша айында өтеді деп жоспарланған.

Назарларыңызға ертең өтетін жекпе-жектің промо-ролигін ұсынамыз:

Сондай-ақ

ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫНЫҢ 16-ШЫ КЕЗЕҢІНЕН КЕЙІН МИГЕЛЬ АНХЕЛЬ ЛОПЕС ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 6-ШЫ ОРЫНДА

Екінші демалыс күнінен кейін бүгін «Испания Вуэльтасы» қайта жалғасын тапты. Кезең Сантильяна-дель-Мар қаласынан басталып, қиынға …