Осы күнгі архивтер: 09.09.2018

ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫНЫҢ 13-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ МИГЕЛЬ АНХЕЛЬ ЛОПЕС 5-ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Соңғы шақырымдардың бірінде «Астана» шабандозы Мигель Анхел Лопестің велесебетінің шынжыры шығып кетіп, ол амалсыз бірнеше секундтарға аялдады. Мұндай сәтсіздікке қарамастан біздің команданың капитаны берілмей, одан әрі шабуылға шықты. Соңында Наиро Кинтаноға 20 секунд жеңіліп өзге көшбасшылармен бірге келді. 32 шабандоздан құралған топ алға озып шығып, 13-кезеңнің сәнін келтірді (Кандас. Карреньо …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ӘЛИ БАЛОЕВ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ НОКАУТПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Санкт-Петербург қаласының «А2 Arena» аренасында өткен Фируза Шарипова — Юлия Куценко бокс кешінде, отандасымыз Әли Балоев шаршы алаңға көтерілді. Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жекте, Әли Балоев (6-0, 5 КО) қарсыласы кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегіне шыққан Әзербайжандық боксшы Гулхусейн Агазадамен кездесу өткізді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жектің екінші раундтында жерлесіміз Әли қарсыласын …

толық оқу»

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ФРАНЦИЯ — ГОЛЛАНДИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында Франция құрамасы өз алаңында Голландия құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бүгін, 9-шы қыркүйектен 10-шы қыркүйекке қараған түні, 2018-шы жылғы Әлем чемпионы Франция құрамасы Париждегі «Стад де Франс» стадионында Голландия құрамасымен кездеседі. Қазақстандық «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те …

толық оқу»

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРСЕТІЛІМІНІҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жек өтеді. «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін бокс кеші Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең, Астана уақыты бойынша …

толық оқу»

ДЖАКАРТАДА ӨТКЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Алматыда 2018-шы жылғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйақы бекітілді. Алтын жүлде иегерлеріне 10 мың, күміс жүлдегерлерге 5 мың, қола медаль иегерлеріне 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тарту етілді. Ойын қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары 24 олимпиадалық …

толық оқу»

КАНЕЛО ДА ГОЛОВКИНМЕН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ БІР АПТА ҚАЛҒАНДА САЛМАҚ ӨЛШЕДІ

Мексикалық боксшы Сауль Альварес WBC ережесіне сәйкес отандасымыз Геннадий Головкинмен екінші жекпе-жегіне бір апта қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Жекпе-жекке жеті күн қалғанда Канело таразыда 163,2 фунтты (74,02 келіні) көрсетті. Ал Геннадийдің салмағы 163,8 фунтты (74,3 келіні) көсеткен еді. Ереже бойынша жекпе-жекке жеті күн қалғанда боксшы салмағы 168 фунттан аспауы …

толық оқу»

САЛАХ НИГЕРГЕ ҚАРСЫ: ЕКІ ГОЛ ЖӘНЕ ЕКІ НӘТИЖЕЛІ ПАС

Африка Ұлттары Кубогіне іріктеу кезеңінде Египет құрамасы қарсыласы Нигер құрамасын тас талқан етті. Египет құрамасы Африка Ұлттары Кубогіне іріктеу кезеңін Тунис құрамасына жеңіліспен бастаған болатын. Бірақ, екінші ойында жақсы дайындалып өз алаңында Нигер құрамасын ірі есеппен жеңді. Кездесудің бірінші минутында-ақ египеттіктердің көшбасшысы Мохамед Салах командасына пенальти алып берді, өзі соққы …

толық оқу»

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Қырғызстанда III Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аяқталды. Соңғы күні ел қоржынына екі алтын, бір қола медаль түсті. Овари ойынының (африкалық ұлттық ойын) қыздар командасы алтынды иеленсе, Әсел Далиева жекелей есепте де алтын медаль алды. Айта кетейік, бұл Әселдің осы жарыстағы төртінші алтын медалі. Бұған дейін ол мангала, тоғызқұмалақтан жоғары дәрежелі медальді …

толық оқу»

ФИРУЗА ШАРИПОВА WBC ЧЕМПИОНЫМЕН КӨЗ ТҮЙІСТІРДІ

Санкт-Петербургте өткен бокс кешіндегі жекпе-жегінде отандасымыз Фируза Шарипова ресейлік Юлия Куценконы жеңгеннен кейін, шаршы алаңға WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстрем көтерілді. WBC Silver чемпиондық белбеуіне иелік ететін Фируза Шарипова (9-1, 4 КО) WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстремнің (22-0-1, 3 КО) міндетті қарсыласы болып табылады. …

толық оқу»

БРИТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНА ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ ПРОМО-РОЛИК ШЫҒАРДЫ

Атақты Британиялық және Ирландиялық BT Sport телеарнасы, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегіне арналған «Бұны төрешілердің қолына қалдырмаңдар» атты промо-ролик шығарды.

толық оқу»