Осы күнгі архивтер: 01.09.2018

РЕГБИДЕН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Регбиден Қазақстан әйелдер командасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бүгін біздің команда екі матч өткізді. Жартылай финалда Жапонияға жол берген соң, үшінші орынға таласта Таиландпен кездесіп, 29:7 есебімен жеңіске жетті. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

АЛМАТЫДА 2000 БАЛА ТЕГІН ЖҮЗУДІ ҮЙРЕНДІ

Алматыда 8-12 жас аралығындағы балаларды тегін жүзуге үйрету сабақтары аяқталды, деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ. «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша өткен бағдарлама жаздың басында басталған болатын. Балалар қаладағы Almaty sports city (Almaty Arena), «H2О», Aquastars (3 бассейн) және Шаңырақ ықшам ауданындағы республикалық спорт мектебінің бассейндерінде жүзуді үйренді. Осы жылы тегін …

толық оқу»

СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ АЗИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азия ойындарының чемпионы атанды. Жапония құрамасымен өткен аса тартысты кездесуде қазақстандықтар 8:7 есебімен жеңіске жетті. Біздің команда сапынан Михаил Рудай мен Евгений Медведев мергендігімен танылды. Олар тиісінше үш және екі доптан соққан. Ватерполшылар Қазақстан қоржынына Азиаданың 15-ші алтынын салып отыр. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

ГОНСАЛУ ГЕДЕШ «ВАЛЕНСИЯ» ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Гонсалу Гедеш «Валенсияның» толыққанды ойыншысы атанды. «Валенсия» ресми сайтында, «Пари Сен-Жермен» клубынан Гонсалу Гедешті сатып алғанын жариялады. 21 жастағы португалдық ойыншы испаниялық клубпен 6 жылдық келісімшарт мерзіміне қол қойды. Ал келісімшарт мерзімі аяқталмай сатып алу құны 300 миллион еуро. Ауысым құны ертеректе айтқандай 40 миллион еуро және …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР КОМАНДАЛЫҚ СЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Дзюдодан аралас командалық сында Қазақстан командасы күміс жүлдегер атанды. Финалда Жапония құрамасымен кездескен біздің спортшылар 0:4 есебімен қарсыласқа жол берді. Еске сала кетейік, жартылай финалда Қазақстан дзюдошылары Өзбекстанды ұтқан болатын. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

АЗИАДА-2018: САМБОШЫЛАРДАН ТАҒЫ БІР АЛТЫН

Қазақстандық балуан қыз Ділдаш Күрішбаева самбодан Азиада чемпионы атанды. 68 келіде белдескен жерлесіміз финалда өзбекстандық Нилуфар Дәулетованы жеңді. Есеп – 4:0. Осылайша, самбошылар ел қоржынына екі алтын салып отыр. Сондай-ақ, ерлер арасындағы сында Әлібек Зекенов қола жүлде иеленді. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

«СЕВИЛЬЯ» РЕСЕЙЛІК «СПАРТАКТЫҢ» ЖҰЛДЫЗДЫ ОЙЫНШЫСЫН САТЫП АЛДЫ

Испаниялық «Севилья» клубы, ресейлік «Спартактан» жартылай қорғаушы Квинси Проместі сатып алды. Андалусиялық клуб Проместі сатып алу үшін, «Спартак» клубына шамамен 21 миллион еуро төлеген. Бұл ресейлік клубтың тарихындағы ең үлкен соммадағы ойыншы сатуы. «Спартак» Проместі 2014-шы жылы «Твентеден» 11,5 миллион еуроға сатып алған болатын. Содан бері 115 ойынға қатысып, 59 …

толық оқу»

АЛМАТЫҒА ОРАЛҒАН ДЖИУ-ДЖИТСУ ШЕБЕРЛЕРІН ТОСЫП АЛҒАН СӘТ

Джиу-джитсудан Азия ойындарында бірінші орын алған Руслан Исраилов пен қола жүлдегер Ризат Мақашев Алматыға оралды, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды. Оларды халықаралық әуежайда достары, жақындары және Qazaqstan Top Team спортшылары ду қол шапалақпен қарсы алып, арнайы баннер дайындады. Олар Астана арқылы ұшып келді. Алматылық Руслан 77 келі салмақ дәрежесінде күресіп финалда …

толық оқу»

ӘБІЛХАН АМАНҚҰЛ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІСІН ИЕЛЕНДІ

Джакартадағы бокс бәсекесі аяқталды. Ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан Әбілхан Аманқұл финалда есе жіберді. Ақтық сында өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасқан жерлесіміз 2:3 есебімен қарсыласына жол берді. Әбілхан 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Еске сала кетейік, 69 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергеновте Азиаданың күміс жүлдегер атанды. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

АЗИАДА-2018: БАЙДАРКАДАН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ КҮМІС ЖҮЛДЕ ОЛЖАЛАДЫ

Байдарка мен каноеде ескек есушілер Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль салды. Инна Клинова, Зоя Ананченко, Виктория Копьева және Ирина Подойникова төрттігі 500 метрге байдаркамен жарысуда күміс жүлдегер атанды. Біздің команданың уақыт көрсеткіші – 1.35.452. Алтын жүлде Қытай, қола Өзбекстан спортшыларының еншісінде. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»